• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2017

 Жолшиев «Ақтөбеде» ойнай ма?

369 рет
көрсетілді

«Ақтөбе» футбол клубының директоры Мақсат Түймалиев Бауыржан Жолшиевтің командаға қосылуы жайлы пікір білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Осы айдың басында футболшы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақтөбеге» қосылғаны хабарланған болатын. Мақсат Түймалиевтың айтуынша, қазіргі уақытта Бауыржан жақындарымен кеңесіп алу үшін командадан кеткен көрінеді. «Бауыржан «Ақтөбеде» ойнауға дайын екенін айтып, бізге күтпеген жерден қосылды. Онымен келісімшарттың қаржылығық жағын да ақылдаспаған едік. Ол жаттығуға бірден кірісіп кетті. Содан кейін барып оған қолымыздан келетін ұсыныс жайлы айтқан едік,ол жақындарымен кеңесіп алғаннан кейін нақты жауап беретінін айтты. Қазір ол командамызда жоқ. Жолшиев туралы әзірге осы мәліметтерді ғана айта аламын», – деді Түймалиев. Айта кетейік, Жолшиев өткен маусымда мүлдем алаңға шықпады. Дегенмен, оның «Ертіс», «Ордабасы», «Қайрат» клубтарымен келіссөз жүргізіп жатқаны туралы хабарланған болатын.
Соңғы жаңалықтар